Түркістанның бұрымдылары Азияны мойындатты: қоржында алтын мен күміс!

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары ел мерейін үстем етті. Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен қос боксшы қыз құрлық біріншілігінен алтын және күміс медаль еншіледі.

75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла Нәлібай қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанып, алтын медальға қол жеткізді.

Ал 57 келі салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші кездесуде күміс жүлдені иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді халықаралық додаға жаттықтырушылар Болат Беласаров пен Шыңғыс Демеуов дайындады. Қос спортшы да «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері.

Азия чемпионатындағы бұл табыс – Түркістан облысында әйелдер боксының қарқынды дамып келе жатқанын және өңір спортшыларының халықаралық аренада жоғары деңгейде өнер көрсетуге толық қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

30 медаль, 11 алтын: Түркістан ескек есушілері ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді

Redaktor Arysinfo

БЕКЗАТТЫҢ РУХЫ – РИНГТЕ: ТҮРКІСТАНДА XXI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo