ТҮРКІСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ОРДАСЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» тілдік және этностық белгілер бойынша кемсіту мен қорлаудың кез келген түріне жол бермеуге бағытталған республикалық семинар-кеңес өтуде.

Іс-шара «Оңтүстік өңірлерде тілге қатысты және этностық белгілері бойынша ар-намысқа тию мен қорлаудың кез келген түріне жол бермеу» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылуда.

Семинардың мақсаты – қоғамда өзара құрмет пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, тілдік және этностық белгілер бойынша кемсітушіліктің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту мәселелерін талқылау.

Жиынның ашылуында Қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева сөз сөйлеп, Түркістан өңірінде жүзеге асырылып жатқан танымдық-тағылымдық жобаларға тоқталды. Ол семинардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Республикалық семинар-кеңеске ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, Республикалық Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және сала мамандары қатысуда.

Іс-шараға Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жангазиева модераторлық етуде.

Семинар барысында тілдік және этностық ерекшеліктерге байланысты кемсітушілік пен қорлаудың алдын алу, қоғамдағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқылануда.

Мұндай бастамалар қоғамда бейбітшілік пен бірлікті сақтауға, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге және түрлі этнос өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

ХАЛЫҚ ӨТІНІШІ – ӘКІМ НАЗАРЫНДА: АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНД

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында 2000-нан астам оқушы «IQanat» Олимпиадасына қатыспақ

ТҮРКІСТАН: Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр

berdaly_oraz