ТҮРКІСТАН: Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр

Мақтаарал ауданының Фирдоуси ауылында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында 48 бір қабатты, екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жобаны «Building Group – 1» ЖШС жүзеге асыруда.

Үйлер жеке кәсіпкердің қаржысына салынып, кейін мемлекет тарапынан 1,5 млрд теңгеге сатып алынады. Бұл үйлер көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және баспанаға мұқтаж өзге санаттағы тұрғындарға жалға берілмек.

Аудан әкімі Бақыт Асанов құрылыс алаңына барып, нысанның сапасы мен қарқынын тексерді. Әкім мердігерге жұмыс кестесінен кешікпеуді және туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды.

Жаңа үйлердің пайдалануға берілуімен Фирдоусиде жаңа шағынаудан пайда болып, ауылдың әлеуеті арта түспек.

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: әр балаға 130,71 доллар аударылды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН ҮКІМЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo