ТҮРКІСТАН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛА КӨЛІК АЙДАСА, АТА-АНАСЫ ДА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің бақылаусыз қалуы түрлі келеңсіз жағдайларға себеп болуы мүмкін. Әсіресе, кәмелетке толмаған балалардың үйдегі көлікті тізгіндеуге әуестігі адам өміріне қауіп төндіреді.

Заң талаптарына сәйкес, егер кәмелетке толмаған бала көлік жүргізіп ұсталған жағдайда жауапкершілік тек жасөспірімге ғана емес, ата-анасы мен көлік иесіне де жүктеледі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
Жүргізуші куәлігі жоқ адамның көлік басқаруы – 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл
(ҚР ӘҚБтК 612-бап, 2-бөлім).

Көлікті басқаруға құқығы жоқ балаға көлікті берген көлік иесіне – 50 АЕК (216 250 теңге) айыппұл
(ҚР ӘҚБтК 612-бап, 5-бөлім).

Бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін ата-анаға – 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл
(ҚР ӘҚБтК 127-бап, 1-бөлім).

Осылайша, жалпы айыппұл көлемі 80 АЕК-ті құрап, 346 000 теңгеге дейін жетеді.

Мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, көлік кілтін кәмелетке толмағандарға бермеуге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында өңірдің даму мәселелері талқыланды

berdaly_oraz

Жарнама бейнеролигін түсірмек болып автокөлігінің әйнегін сындырғаны үшін айыппұл арқалады

ТҮРКІСТАНДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: 35 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬГЕ БАРАДЫ

Redaktor Arysinfo