Түркістан: Көгалдандырудағы мәселелер талқыланды, нақты тапсырмалар берілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Жасыл аймақ» мекемесінің қызметкерлерімен арнайы жиын өткізіп, көгалдандыру саласындағы түйткілдер мен алдағы жоспарларды саралады.

Жиын барысында бекітілген аймақтар бойынша есептер кері қайтарылып, әр учаскедегі нақты мәселелерді ашық баяндау тапсырылды. Мамандардың айтуынша, әуежай бағытындағы жол бойында суғару жүйесі үзілген, кейбір учаскелерде су ұңғымалары істен шыққан. Сонымен қатар сорлану деңгейі артқан алқаптар бар. Теке тас жолы мен Қарашық өзенінің етегіне дизельді насостар орнату қажеттігі айтылды.

“Проблема жоқ” деген жерде жұмыс та жоқ. Суғару жүйесі істен шыққан аймақтарда техникамен уақытша суғару ұйымдастырылсын. Барлық ұңғымалардың техникалық жағдайын қайта тексеріп, жұмыс күшін көбейту керек. Су жолдары – арықтар түгел тазартылсын, – деді Нұрбол Тұрашбеков.

Сонымен қатар облыстағы барлық тұқымбақтарға күзгі ағаш отырғызу науқанына қажетті көшет қорын алдын ала дайындау тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құқық қорғау органдары, банк және байланыс операторларының өкілдері бас қосып, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесін талқылады

berdaly_oraz

Жетісайдағы білім ордасы еліміздегі 100 үздік мектептің қатарына енді

Түркістан облысында өңірлік нышан жобасы бойынша мәжіліс өтті