Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері мен шағымдары тыңдалды

дереккөз фото Түркістан облысы әкімдігі

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар спорт, жұмысқа орналасу және мәдениет салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, бір азамат танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың 80 жылдығына орай шығармашылық кеш ұйымдастыруды ұсынса, енді бірі жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Сонымен қатар ата-ана құқығынан айыруға қатысты мәселелер де қозғалды.

Алматы қаласынан онлайн форматта қосылған азамат өз кітаптарын кітапханалар қорына сатып алу жөнінде ұсынысын жеткізді.

Ашық форматта өткен қабылдауда облыс әкімінің орынбасары тұрғындар көтерген әрбір мәселені мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерін марапаттады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ХАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫНА БЕРІЛДІ

berdaly_oraz

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА КҮШ САЛАМЫН!

Redaktor Arysinfo