Қытай азаматтары Қазақстанға қоныс аудара бастады: саны 3 есеге артқан

дереккөз фото Жас Алаш

2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қытай елінің 1260 азаматы Қазақстан аумағына тұрақты тұру үшін көшіп келген. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе жоғары.

Сарапшылардың мәліметінше, қаңтар-наурыз айларындағы мұндай жоғары көші-қон деңгейі Қазақстанда соңғы тоғыз жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Бұған дейін де Қытайдан келушілер саны күрт өсіп, кейін қайта төмендеген кезеңдер болған.

Мәселен, 2024 жылдың алғашқы тоқсанында Қытайдан келгендердің саны 98 адамнан 750 адамға дейін өсіп, сегіз есеге жуық артқан.

Мамандар соңғы екі жылдағы жоғары көрсеткіштер көші-қон белсенділігінің күшейгенін көрсететінін айтады. Ал 2026 жылдың басындағы нәтиже бұл үрдістің жалғасып жатқанын аңғартады.

Қазір Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келушілер саны бойынша Қытай үшінші орында тұр. Екінші орында Ресей орналасқан. Бұл елден 1265 адам келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға көп. Екі ел арасындағы айырмашылық небәрі бес адамды құраған.

Ал көш басында Өзбекстан қалып отыр. Бұл елден Қазақстанға 2275 адам қоныс аударған. Дегенмен бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 13%-ға төмендеген.

Сарапшылардың дерегінше, Қытайдан Қазақстанға көшіп келушілердің 99,5%-ы – этникалық қазақтар. Олар көбіне АстанаАлматы қалалары мен Жетісу облысыАлматы облысы аумақтарын таңдаған.

Айта кетейік, бұл статистикаға Қазақстанға тұрақты тұру үшін қоныс аударған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар енгізілген.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданындағы Монтайтас ауылында тұрғын үй моншасынан өрт шықты

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАУЫН ӨНІМІ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

berdaly_oraz

Бірқатар өнер қайраткері «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды

Redaktor Arysinfo