ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Астана қаласында педагогтердің республикалық тамыз конференциясы аясында «Дене шынықтыру – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі: заманауи тәсілдер, инновациялар және үздік тәжірибелер» тақырыбында секциялық отырыс өтті.

Жиында Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы жарияланып, жалпы командалық есепте Түркістан облысы 735 ұпаймен І орынға ие болды. Түркістан облысы – 735 ұпай  Алматы қаласы – 646 ұпай  Жамбыл облысы – 641 ұпай.

Бұл – өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға, оқушылардың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жас спортшылардың жоғары көрсеткішке қол жеткізуіне ұстаздар мен жаттықтырушылардың еңбегі, ата-аналардың қолдауы және балалардың табандылығы негіз болды.

Өңірде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, спорттық инфрақұрылымды жетілдіруге және өскелең ұрпақ үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты қолдауымен жүзеге асырылуда.

Түркістан облысының құрама командасын, жас спортшыларды, олардың ұстаздары мен жаттықтырушыларын, ата-аналарын айтулы жеңіспен құттықтаймыз!Жеңіс тұғырынан көрінген өңір спортшыларына жаңа оқу жылында толағай табыс пен жаңа биіктер тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық параканоэшілер Тайландта өткен Азия Чемпионатынан 5 медаль жеңіп алды

Өңірде ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасалуда

«Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы өтті