САНАЛЫ МЕН ҚАРАЖАНТАҚ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ҚАЛА БАСШЫСЫ КЕЗДЕСТІ

Қала әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесулері жалғасуда. Шаһар басшысы Қайсар Маңқараев бүгін Қаражантақ және Саналы ауылдарына барып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, елді мекендердің даму барысын талқылады.
Алдымен Қаражантақ ауылына барған шаһар басшысы тұрғындармен кездесіп, ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық жағдайына қатысты мәселелерді ортаға салды.
Биыл тұрғындардың ұсынысы негізінде ауылға кіреберіс ұзындығы 7 шақырым жолға жаңа асфальт төселді. Сонымен қатар ауылдың орталық көшесіне түнгі жарықтандыру шамдары орнатылып, балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары ендігі кезекте футбол алаңын салу және табиғи газ мәселесін жеделдетуді сұрады. Қала әкімі аталған бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, мәселелердің шешілу барысын жеткізді.
Бұдан кейін Қайсар Маңқараев Саналы ауылына барып, тұрғындармен жүздесті. Кездесуде ауыл халқы негізінен жайылым жер мен ағынсу мәселелерін көтерді.
Қала басшысы бұл мәселелерді жан-жақты зерделеп, заң талаптары аясында нақты шешу жолдарын қарастыруды орынбасары мен жауапты бөлім басшыларына тапсырды.
Сонымен қатар ауылдарды абаттандыру, инженерлік инфрақұрылыммен қамту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар бюджет мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жалғасатыны айтылды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары көтерілген мәселелердің шешімін табуына тілектестік білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста: қазақтың тұңғыш ғарышкерінің мерейлі белесі

Redaktor Arysinfo

Шымкентте әскери қызметшілер «Даңқ» мемориалын тазалады

БАЗАРЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

berdaly_oraz