ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ ЖОЙЫЛДЫ

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Түркістан облысында экология саласында кең көлемді бақылау шаралары жүргізіліп, заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Нұрбек Садықов хабарлады.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 43 нысанға тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 358 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы көлемі 506,7 млн теңгені құрады. Пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 247 дерегі тіркеліп, 97 азаматқа 3,3 млн теңге айыппұл салынды.

«Геопортал» жүйесі арқылы 114 заңсыз қоқыс орны анықталса, оның 84-і жойылды. Сондай-ақ өңірде экологиялық акцияларға 732 мыңнан аса адам қатысып, 12 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Биылдың өзінде облыс көлемінде 509 мың ағаш көшеті отырғызылған.

Су ресурстары мен топырақ сапасын бақылау жұмыстары да жалғасуда. Машат, Келес, Бадам, Арыс, Леңгір және Сырдария өзендерінен алынған 47 су сынамасынан жоғары деңгейлі ластану анықталмады. Сонымен қатар, 32 топырақ сынамасы зерттеліп, экологиялық нормадан асқан жағдайлар тіркелген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриялды аймақтың жай-күйімен танысты

Жетісайда тамшылатып суғару әдісі 8 мың гектарға дейін енгізіледі

berdaly_oraz

Сарыағашта Азия чемпионатының жүлдегерлері марапатталды

berdaly_oraz