ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРҒА АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сайрам ауданындағы балалардың жазғы сауықтыру лагерінде «Адам саудасына қарсымыз!» атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері адам саудасының түрлері, оның белгілері, күмәнді жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі және көмекке қайда жүгіну қажеттігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа қатысты ақпарат қамтылған 100-ге жуық үнпарақ таратылып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында балалар мен тәрбиешілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен жан-жақты жауап алды.
Полиция адам саудасының алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: АЗАМАТТЫҚ ҮН МЕН ҚОҒАМДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Redaktor Arysinfo

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Ордабасы ауданында 200 орындық перинаталдық орталық салынады

berdaly_oraz