23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Бұл кәсіби мереке елдегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбегіне құрмет көрсету мақсатында атап өтіледі.
Аталған мереке 2007 жылы бекітілген. Ол жыл сайын 1992 жылғы 23 маусымда қабылданған «Ішкі істер органдары туралы» заңның құрметіне тойланады.
Қазақстан полициясы қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында маңызды міндеттер атқарады. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының қызметкерлері заң мен тәртіпті қамтамасыз етіп, ел қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып келеді.
Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде салтанатты іс-шаралар, мерекелік концерттер мен ардагерлерді құрметтеу шаралары ұйымдастырылуда.
Осы күні құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен ардагерлерге алғыс айтылып, олардың қоғам алдындағы жауапты қызметі ерекше атап өтіледі
