Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірлік жедел штаб отырысы өтті. Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Отырыс барысында құқық қорғау органдары мен жауапты мекемелердің есептері тыңдалып, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту, білім беру ұйымдары, ата-аналар және тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын арттыру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ жиында жасөспірімдердің ата-аналарының жауапкершілігін арттыру, балалардың білім алуы мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер де қаралды. Сондай-ақ, күн тәртібіне енгізілген жеке істер талқыланып, әрбір жағдай бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Облыс әкімі тиісті мекемелерге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.