Туған күнінде жоғалған: Маңғыстауда 18 жастағы жігітті іздеу жалғасып жатыр

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне батып кетті деген болжаммен із-түзсіз жоғалған 18 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары бірнеше тәуліктен бері тоқтаусыз жүргізілуде. Ол туған күнінде демалыс орны маңында жоғалып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 53 маман, 6 техника, 3 қайық, 10 сүңгуір және әуеден бақылау жүргізетін 8 дрон жұмылдырылған. Құтқарушылар теңіз түбі мен жағалау аумағын мұқият тексеріп жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылып, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Шардара ауданының құрылғанына — 60 жыл

ҰБТ ережелері өзгерді

Альфия Адамбек

Жол сапасын арттыру мақсатында штаб-отырысы өтті