ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ 275 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАП ӨҢДЕЛДІ

Түркістан облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Аймақтағы 9- ауданда шамамен 300 мың гектарға жуық алқап дәріленіп, зиянкестердің таралуына қарсы кешенді шаралар жүргізілуде.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ордабасы ауданындағы жұмыстардың барысын тексеріп, өңделген аумақтарды аралап көрді.

Ресми мәліметке сәйкес, өңірде жалпы 796,88 мың гектар жер зерттеліп, соның 285,71 мың гектарында шегіртке зияндылығы анықталған. Қазіргі таңда 275,11 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жасалған. Жұмысқа 250-ден астам арнайы техника мен қосымша көліктер тартылып, Келес, Сарыағаш, Арыс және басқа да аудандарда зиянкестерге қарсы шаралар жүйелі түрде жүзеге асуда.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста сенбілік – бірлік пен берекенің жарқын көрінісі

Арыс қаласында “Дауыс беру — құқық пен жауапкершілік” тақырыбында квест ойыны өтті

Redaktor Arysinfo

«Ұлттық қор – балаларға»: әр балаға 130,71 доллар аударылды

berdaly_oraz