ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНУАРЛАРҒА ҚАТЫГЕЗДІК КӨРСЕТКЕНДЕРГЕ ЖАЗА КҮШЕЙТІЛМЕК

Мәжілісте мақұлданған заң жобасына сәйкес, жануарларға қасақана зиян келтіру, жарақаттау немесе олардың қырылуына себеп болған әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік айтарлықтай күшейеді. Енді мұндай құқық бұзушылықтарға салынатын айыппұл көлемі істің ауырлығына қарай бірнеше есе ұлғайтылмақ.

Егер құқық бұзушылық қайталанса немесе ауыр жағдайлар анықталса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Мұндай жағдайда 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзеу жұмыстарына немесе қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.

Ал ауырлататын мән- жайлар болған кезде 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар 5 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу немесе лауазым атқару құқығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу шаралары да қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

berdaly_oraz

Түркістанда «Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер әлемі» атты театрландырылған шара өтті

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ҚАЗЫҒҰРТТА  ГҮЛДЕДІ

Redaktor Arysinfo