ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау соғылып, түлектер мектеппен қоштасу сәтін өткізді. Осыған орай Түркістан облысында да оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Биылғы шаралар «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбы аясында өтіп, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше назар аударылды.

Түркістан қаласындағы №28 мектепте өткен салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Ол білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген мұғалімдерге алғыс білдіріп, түлектерге ақжол тіледі.

«Сіздер – еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағысыздар. Білім алып, биік мақсаттарға ұмтылып, ел дамуына үлес қосатын азамат болыңыздар», – деді Ертай Кенжебекұлы.

Аталған мектепте биыл 1761 оқушы оқу жылын аяқтады. Мұнда шамамен 200 педагог еңбек етеді. 11- сыныпты 65 түлек тәмамдап отыр, олардың ішінде 4 оқушы «Алтын белгіге», 8 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Салтанатты жиын барысында түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектеппен қимастықпен қоштасты. Мұғалімдер де жас түлектерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Жалпы, 2025–2026 оқу жылында Түркістан облысында 35 294 оқушы 11-сыныпты аяқтады. Оның ішінде 2 416 оқушы «Алтын белгіге», 3 141 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Сонымен қатар, ҰБТ-ға қатысуға 31 535 түлек өтініш берген.

Ұқсас жаңалықтар

«Екінші рет өмір сыйлады»: Арыс қалалық аурухана дәрігерлеріне ұстаз алғысын жаудырды

berdaly_oraz

Түркістанда этнос жастары арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Келесте білім бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды