ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

 

Бүгін Түркістан қаласы мен Сауран ауданына ортақ әскерге шақыру бекеті күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, әскери қызметшілер, сондай-ақ әскерге аттанатын жастар қатысты.

Салтанатты жиында қала әкімі жаңғыртылған нысанның маңызын атап өтіп, әскерге шақырылатын жастарға қолайлы әрі заманауи жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа бекет әскери міндетті орындау үдерісін жүйелеп, жастардың әскерге деген көзқарасын оң қалыптастыруға ықпал етеді.

Жаңартылған әскерге шақыру пункті медициналық тексерулер мен құжаттандыру жұмыстарын бір орталыққа шоғырландырып, шақыру науқандарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан қаласында көктемгі әскерге шақыру барысында 93 азамат, ал күзгі науқанда 103 жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ДӘСТҮРЛІ 63-ТУРНИРІ ӨТУДЕ

berdaly_oraz

Түркістан облысында жыл басынан бері 2600-ден астам тазалық жұмысы жүргізілді

Альфия Адамбек

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 1000 түр гүл және ағаш егілді