ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан облысының «Тұран» баскетбол клубы 2025–2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша ерлер командалары арасындағы XXXIV Қазақстан Республикасының Жоғары лига чемпионатында жеңімпаз атанды.

Чемпионат бірнеше ай бойы кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, елдің мықты командалары бақ сынады. Маусым нәтижесінде «Тұран» командасы тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, барлық кездесулерде жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастады.

Команданың табысты өнер көрсетуіне ойыншылардың үйлесімді қимылы мен бапкерлер құрамының жүйелі жұмысы ықпал етті. Әрбір ойында жинақылық пен жоғары дайындық деңгейі байқалып, бұл нәтиже чемпиондық атаққа қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Осылайша, «Тұран» баскетбол клубы өз тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізіп, Жоғары лигадағы көшбасшылығын айқындады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ДАҢҚТЫ БОКСШЫ ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВҚА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ШЫМЫЛДЫҒЫН АШТЫ

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді

Түркістан облысында былтыр 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

berdaly_oraz