ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ДӘСТҮРЛІ 63-ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Отырар ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған дәстүрлі 63-турнирдің ашылу салтанаты өтті. Шәуілдір ауылындағы «Оқсыз» спорт кешенінде басталған биылғы жарысқа облыстың аудан-қалаларынан келген 100-ден астам балуан қатысуда.

Боз кілемде спортшылар 60, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директоры – бас редакторы Абай Балажан қатысып, жарыстың маңызына тоқталып, балуандарға сәттілік тіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы бұл турнирдің жарты ғасырдан астам уақыт бойы үздіксіз өткізіліп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды рухани алаң саналады.

Жүлделі орын иеленген спортшылар «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясы мен Отырар ауданы әкімдігі тағайындаған бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Биылғы турнирдің басты жүлдесі – «Chevrolet» автокөлігі. Оны боз кілемге шыққан барлық қатысушы балуандар иеленуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бұл турнир алғаш рет 1958 жылдың мамыр айында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің сол кездегі редакторы Мәди Байтұрсынов бастаған редакция ұжымының бастамасымен ұйымдастырылған. Ұлттық спортты насихаттауға бағытталған бұл дода еліміздегі беделді спорттық жарыстардың бірі саналады.

Келесі жылы дәстүрлі турнирді Созақ ауданында өткізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ КӨШБАСШЫ  САЙЛАНДЫ

Redaktor Arysinfo

«Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасының жымысы пысықталды

Арыс қаласында мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті