Дереккөз, фото: Шардара ауд әкімдігі
Бүгін Отырар ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған дәстүрлі 63-ші республикалық турнир жоғары деңгейде өтті. Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен байрақты бәсекеге облыстың аудан-қалаларынан келген мықты балуандар қатысып, өзара бақ сынады.
Дүбірлі додада Шардара ауданының намысын қорғаған дарынды балуан Қайсар Шамшидинов аса ауыр салмақта (+100 кг) сәтті белдесулер өткізіп, қарсыластарының барлығынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Жарыстың бас жүлдесі — Chevrolet Cobalt автокөлігінің кілті салтанатты түрде табысталды.
Сонымен қатар аталған жарыста аудан спортшылары да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:
🥈 Мекенбай Мұса
🥈 Амангелді Сәуірбай
🥉 Мекенбай Ұлықпан
🥉 Нұрманов Қабыл
🥉 Алларберді Руслан
Жарыс барысында балуандар жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен нағыз спорттық рухты танытты. Бұл жетістіктер ауданымызда ұлттық спортқа көрсетіліп жатқан қолдау мен бапкерлер еңбегінің нәтижесін айқындайды.
Жеңіс тұғырынан көрінген барлық спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.
Айта кетейік, Қайсар Шамшидинов — қазақ күресінен Азия чемпионы және «Түркістан Барысы» атағының иегері.
