ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облыстық соты мемлекеттік қызметкерлер арасында «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс аясындағы әкімшілік рәсімдерді жетік білуші» атты танымдық конкурс ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылдануына 5 жыл толуына орай өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және әкімшілік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету.

Байқау үш кезең бойынша өтті. «Бәйге» кезеңінде қатысушылар Кодекс нормалары бойынша тест тапсырмаларын орындаса, «Дода» кезеңінде түрлі кейстік тапсырмаларды шешті. Ал «Шешендік өнер» кезеңінде әкімшілік іс жүргізу қағидаттарын тәжірибеде қолдану шеберліктерін көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен Түркістан облысы әкімі аппараты Заң бөлімінің бас инспекторы Үрмия Құлымбет І орынды иеленді.

Жеңімпазды Айдос Сұлтанов арнайы дипломмен марапаттады.

Аталған конкурс мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға және әкімшілік әділет саласындағы білімдерін жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Қабылдауда сан түрлі мәселелер тыңдалды

Арыста мемлекеттік қызмет алушылар күні өтті

berdaly_oraz

Арыста жеке қаржыға жаңа кәсіби футбол клубы құрылды

berdaly_oraz