ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАҢА ҚОНЫС – 2026» ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сарыағаш ауданында ішкі көші-қонды дамытуға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен «Жаңа қоныс – 2026» жәрмеңкесіне Шығыс Қазақстан облысынан келген делегация қатысып, тұрғындарға ерікті түрде қоныс аудару, жаңа жұмыс мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынды.

Жәрмеңке барысында 6 облыстан жалпы 11 856 бос жұмыс орны ұсынылды. Атап айтқанда, Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген ұсыныстар тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Іс-шараға 400-ден астам адам қатысып, олардың 50-ден көбі солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдірді.

Кездесу кезінде мамандар еңбек ресурстарын тиімді бөлу мәселесін қарастырып, халық тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан кадр тапшылығы бар өңірлерге қоныс аударудың маңызын атап өтті.

Бағдарлама аясында қоныс аударушыларға бірқатар мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Олардың қатарында әр отбасы мүшесіне берілетін біржолғы төлем, коммуналдық шығындарды жабуға арналған ай сайынғы жәрдемақы, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға арналған арнайы сертификат бар.

«Жаңа қоныс – 2026» жәрмеңкесі өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, азаматтарға жаңа өмір бастауға жол ашатын маңызды жобалардың бірі ретінде бағаланды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «SAUMAL DE LUX» ТУРИСТІК-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

berdaly_oraz

 ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ?

Түркістан облысының 60-тан астам ауылы ішімдік сатудан бас тартты

berdaly_oraz