ТҮРКІСТАН: ТАСКЕСКЕН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

дереккөз фото  Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысында тұрғындардың спортқа қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл бастама Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттер аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Осы орайда Сарыағаш ауданына қарасты Таскескен елді мекенінде кіші футбол және workout алаңшасы пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады.

Іс-шараға сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар жиналып, жаңа спорт нысанының маңыздылығын ерекше атап өтті. Тұрғындар бұл бастаманың жастарды спортқа баулудағы рөлі зор екенін айтып, алғыстарын білдірді.

Спорт алаңшасының құрылысы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, AIN Development ЖШС тарапынан жүзеге асырылған. Нысан заманауи талаптарға сай жабдықталып, кіші футбол алаңы мен workout құрылғыларын қамтиды.

Жаңа алаңша ауыл тұрғындарына бос уақыттарын тиімді өткізуге, тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға және түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға кең мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ДОМБЫРА – ДАСТАН» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы құрылмақ

berdaly_oraz

Төлебиде үкіметтік емес ұйымдардың «ТЕАМ ВUILDING» атты шарасы өтті