ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

дереккөз фото Түркістан облысының әкімдігі

Жетісай ауданында қазақтың ұлттық спорты – қазақ күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 2011–2012 және 2013–2014 жылы туған балуандар қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Турнирді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ұлттық спорт клубы» КММ өткізді. Іс-шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай ұйымдастырылып, жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Дүбірлі додаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Шардара, Төле би, Сарыағаш, Келес, Отырар, Бәйдібек, Түлкібас, Жетісай аудандарынан және Өзбекстан Республикасынан келген командалар қатысты. Жалпы саны 200-ге жуық жас балуан 21 салмақ дәрежесінде белдесіп, тартысты бәсеке көрсетті.

Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев жарыстың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік, ал төрешілерге әділдік тіледі.

Ал «Ұлттық спорт клубы» КММ басшысы Ерлан Райымбердиев турнирдің басты мақсаты – жастарды спортқа баулу, достық қарым-қатынасты нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу екенін жеткізді.

Боз кілемде белдескен жас балуандар бар өнерін салып, жанкүйерлерге әсерлі сәттер сыйлады. Күрес барысында қарсыласын алып та, шалып та жыққан спортшылардың шеберлігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Тартысты өткен жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және чемпиондық белбеулермен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Күні ертең Монтайтас ауылдық округінде жер және құрылыс мәселелері бойынша жиналыс өтеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында құқық қорғау органдары, банк және байланыс операторларының өкілдері бас қосып, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесін талқылады

berdaly_oraz

«EL ARNA» телеарнасы жабылып, қызметкерлері «Хабар» агенттігіне орналастырылады

berdaly_oraz