Жетісай ауданында Наурыз мерекесі қарсаңында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған қайырымдылық шара өтті.
Аудан әкімі Серік Мамытов мектеп-интернатқа барып, 181 бүлдіршінді мерекемен құттықтап, спорттық және оқу құралдарын табыстады.
Шара барысында балалардың оқуына, дамуына және бос уақытын тиімді өткізуіне қажетті жағдайлар жасалғаны атап өтілді. Сонымен қатар, білім ордасының асханасы, сыныптары мен жатақхана жағдайы тексеріліп, қауіпсіздік пен жайлылық мәселесіне ерекше назар аударылды.
Наурыз қарсаңындағы бұл бастама – қоғамдағы мейірім мен қамқорлықтың нақты көрінісі.
