Түркістанда 348 отбасы жаңа баспаналы болды

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 348 отбасы қоныс тойын тойлады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарға «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер кілттерін табыстап, олардың қуанышына ортақтасты.

Салтанатты шарада аймақ басшысы халықты көктем мерекесімен құттықтап, тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

«Алдымен баршаңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Бүгін біз ерекше қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін күшейтуді тапсырды. Бұл бағытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тек 2024 жылы Түркістан қаласында 961 отбасы баспаналы болды. 2018-2024 жылдар аралығында 3519 тұрғынға пәтер кілті табысталды. Бұл – мемлекеттік қолдаудың нәтижесі,» – деді Нұралхан Көшеров.

Ол сондай-ақ Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілгенін атап өтіп, бұл өзгерістің өңірдің дамуына тың серпін беретінін айтты.

Қала әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан сатып алынған бес қабатты 348 пәтерлі төрт тұрғын үй халық игілігіне берілді. Оның ішінде:

  • 168 пәтер көпбалалы отбасыларға
  • 180 пәтер әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға табысталды.

Аймақ басшысы тұрғындармен бірге жаңа пәтерлерді аралап көріп, олардың қуанышына ортақтасты.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсімі Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп, арнайы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі өткізіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленді.

Жаңа баспанаға ие болған тұрғындар ризашылықтарын білдіріп, қоныс тойларын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста “Жасыл толқын” бастамасымен экологиялық сенбілік өтті

berdaly_oraz

Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

berdaly_oraz

Ертең Арыста жалпы қалалық сенбілік өтеді

berdaly_oraz

Пікір жазу