ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ МӘДЕНИЕТІ ЖАҢА САТЫҒА КӨТЕРІЛДІ

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен өңірдегі мәдениет ошақтары жаңғыртылып, ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндік ашылды

Түркістан облысында ауылдардағы әлеуметтік және мәдени нысандарды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бірқатар мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындардың шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасалуда.

Бұл жұмыстардың барысымен танысу мақсатында өңірде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды.

Сапар барысында журналистер Отырар ауданының Қоғам ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Сейтқасым Әшіров атындағы жалпы орта мектепке барды. 1992 жылы пайдалануға берілген білім ордасында бүгінде 418 оқушы екі ауысымда білім алады. Қордың қолдауымен мұнда физика, химия және биология пәндерінің кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып жатыр.

Жалпы, «Қазақстан халқына» қоры Түркістан облысының білім саласын дамытуға 13 миллиард теңгеден астам қаржы бағыттап, 35 мектепті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен.

Баспасөз турының маңызды бағыттарының бірі – Шәуілдір ауылындағы жаңғыртылған Отырар аудандық мәдениет сарайы болды.

Жаңарған мәдениет ошағында тұрғындардың сұранысы ескеріліп, 5 негізгі бағыт бойынша 13 шығармашылық үйірме ашылған. Сонымен бірге жаңа шығармашылық бағыттарды дамыту үшін қосымша штаттық бірліктер қарастырылған.

Мәдениет сарайының ашылу салтанатына «Қазақстан халқына» қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Қор басшысы өңірде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Сапар Шардара ауданындағы Көксу ауылында жалғасты. Мұнда қайта жаңғыртудан өткен мәдениет үйінің ашылу рәсімі өтті.

Ауылдық мәдениет үйінде бүгінде 14 үйірме жұмыс істейді. Нысан ішінде кітапхана да орналасқан. Ал сыртқы аумақта жазғы сахна, алтыбақан және киіз үй қарастырылған. Екі қабатты мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 163 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Ауылдағы мәдениет үйлерінің жаңаруы – тек ғимараттарды жөндеу емес. Бұл – тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жастардың өнерге жақындауына, шығармашылық қабілетін дамытуын

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

Redaktor Arysinfo

Сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Шымкентте 3 жастағы бала биіктен құлап мерт болды