ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров италиялық «Magister Art» компаниясының президенті Ренато Сапоритомен кездесу өткізді. Басқосуда мәдениет, туризм, креативті индустрия және заманауи цифрлық жобалар бағытындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Кездесу барысында өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, туризм әлеуетін арттыру және халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды. Сондай-ақ Түркістанның рухани және туристік орталық ретіндегі мүмкіндіктері талқыланды.

Облыс әкімі өңірде инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту және мәдени жобаларды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа сәулеттік және шығармашылық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде Ренато Сапорито Қазақстанның даму қарқынына жоғары баға беріп, Түркістан өңірімен әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу аясында тарихи нысандарды цифрлық форматта таныстыру, халықаралық көрмелер ұйымдастыру және креативті индустрия саласындағы жобаларды дамыту мәселелері қозғалды. Тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.

Айта кетейік, «Magister Art» компаниясы мәдени мұраны заманауи цифрлық технологиялар арқылы насихаттауға бағытталған халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді. Компания мәдениет, дизайн, медиа және IT бағыттарында кешенді шешімдер ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

«Жазира Байырбекова тегін неге өзгертті?»

Redaktor Arysinfo

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА: АРЫСТА АТА-АНАЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Алкоголизмнің алдын алу – ортақ міндет

Redaktor Arysinfo