Түркістанда мәслихат төрағаларының қатысуымен қоғамдық келісім мәселелері талқыланды

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат төрағаларымен кеңейтілген жиын өткізді. Басқосуда «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысында көтерілген мәселелер, қоғамдық келісімді нығайту және этномәдени бірлестіктермен бірлескен жұмыстардың үйлестірілуі сөз болды.

Нұралы Әбішов депутаттардың жауапкершілігіне тоқталып, сайлаушылар сенімін ақтауда белсенділік қажет екенін атап өтті. «Бейбітшілік пен бірлік – басты құндылық. Депутаттар осы бағытта жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуі тиіс», – деді ол.

Жиында елді мекендер мен ескерткіштерге атау беру тәртібі, депутат этикасы, сондай-ақ сапалы электр энергиясымен қамту, жергілікті басқару тиімділігі жөніндегі семинар және кіші футболдан турнир өткізу туралы ұсыныстар талқыланды. Облыстық мәдениет басқармасы мен мәслихат аппаратының өкілдері өз салалары бойынша баяндама жасады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Президентке медициналық өнімдер өндірісі таныстырылды

berdaly_oraz

ОҚУ-СПОРТ ОРТАЛЫҚТАРЫ АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІК АШУДА

berdaly_oraz

Түркістан облысында бопсалау және қаруды заңсыз сақтаумен айналысқан топ ұсталды

berdaly_oraz