Түркістанда өндірілген сүт өнімдері Орталық Азия нарығына жол тартпақ

Түркістан қаласында сүт өнімдерін өндіретін «Milkart» кәсіпорны экспорттық әлеуетін арттыруға кірісті. 2024 жылы іске қосылған өндіріс орны бүгінде тәулігіне ондаған тонна сүт өңдеп, табиғи шикізаттан 48 түрлі өнім шығарып отыр.

Кәсіпорынның өнімдері қазіргі таңда Түркістан мен Кентау қалаларының тұрғындарына, әлеуметтік дүкендер мен сауда желілеріне тұрақты жеткізіліп келеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде де қолжетімді бағамен ұсынылуда.

Алдағы жоспарға сәйкес өндірістік қуат төрт есеге дейін ұлғайтылып, жаңа технологиялар енгізіледі. Бұл Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай нарығына экспортқа шығуға мүмкіндік береді. Жоба жүзеге асса, жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің өндірістік әлеуеті арта түседі.

Кәсіпорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланып, жеңілдетілген несие арқылы өндірісті дамытуда. Қазір мұнда 13 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Осылайша, Түркістанда өндірілген табиғи сүт өнімдері ішкі нарықпен қатар халықаралық нарыққа да шығуға дайындалып, өңірдің экспорттық мүмкіндігін кеңейтуге үлес қоспақ.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтааралда тазалыққа жаңа серпін: коммуналдық салаға заманауи техника берілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

АРЫСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСКЕТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

berdaly_oraz