Түркістанда өңіраралық AI Хакатонның жеңімпаздары анықталды

Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен және Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік: цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық AI Хакатонның жабылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев қатысып, үздіктерді марапаттады.

Хакатонға 114 команда, шамамен 400 қатысушы тіркелді. Олар Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент, Астана және Алматы қалаларынан келген мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғары оқу орындарының студенттері.

Қатысушылар бес негізгі бағыт бойынша жобаларын ұсынды:

AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау.

Лудоманияға қарсы AI – ойын тәуелділігін ерте анықтау және алдын алу.

Мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау – манипуляциялық техникалық ерекшеліктерді айқындау.

Заңсыз интернет-ресурстарды AI-мониторингтеу – онлайн-казино, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық сайттарды анықтау.

Open AI Challenge: Қаржылық қауіпсіздік – алаяқтық, көлеңкелі схемалар және қаржылық тәуекелдерге қарсы еркін бағыт.

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар тапсырылды. Салтанатты кеште Астанадан арнайы келген «Музыкалық жас көрермен театры» өнер көрсетіп, қатысушыларға қолдау көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «ECOACTION» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

berdaly_oraz

Сауранға Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясы келді

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА WORLD CLEANUP DAY СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo