Түркістанда «TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS» өтеді

14 қыркүйекте Түркістан қаласында жаңа есу арнасының ашылуына орай «TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS» атты мәдени-спорттық фестиваль ұйымдастырылады.

Іс-шара бағдарламасында ойын алаңдары, балаларға арналған арнайы аймақ, спорттық жарыстар, әуе шарлары, фонтан, лазерлік және от шоулары қамтылған. Сонымен бірге «Taiqazan GastroFest» аясында ұлттық және әлемдік тағамдар ұсынылады.

Фестивальдің басты тосын сыйы – әлемдік деңгейдегі жұлдыздың жасырын қонақ ретінде келуі.

Мерекелік шара 14 қыркүйек күні сағат 18:00-де Түркістан қаласындағы жаңа есу арнасында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары азайған

berdaly_oraz

Енді жедел жәрдем қызметкерлері видеожетонмен жұмыс істейді

berdaly_oraz

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында 235 мыңнан астам кітап бар

berdaly_oraz