ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КЕЗІНДЕ ЖАСӨСПІРІМНІҢ ІЗГІ ӘРЕКЕТІ КӨПШІЛІККЕ ҮЛГІ БОЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласында өткен халықаралық саммит барысында көпшіліктің ықыласына бөленген тағылымды оқиғалардың бірі – жасөспірім Нұрсұлтан Базарбайұлының елдік рух пен адамгершілікке негізделген әрекеті болды.

Саммитке орай қала көшелеріне ілінген түрлі мемлекеттердің туларының арасынан жерге түсіп қалған Әзірбайжан Республикасының туын байқаған Нұрсұлтан оны көтеріп, құрметпен орнына қайта іліп қойған. Жасөспірімнің бұл әрекеті мемлекеттік рәміздерге және бауырлас халықтарға деген сыйластықтың көрінісі ретінде жұртшылық тарапынан оң бағаланды.

Нұрсұлтан Базарбайұлы – Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы. Оның бұл ісі әлеуметтік желілерде де қолдау тауып, көпшілікке үлгі болды.

Осыған байланысты Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов жасөспірімді арнайы қабылдап, ұстаздарымен бірге құрмет көрсетті. Кездесу барысында әкім орынбасары Нұрсұлтанның әрекеті қарапайым көрінгенімен, оның астарында үлкен тәрбие мен азаматтық жауапкершілік жатқанын атап өтті.

Қабылдау соңында Нұрсұлтанға ризашылық білдіріліп, арнайы сый-сияпат табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Актау қаласында резонанс тудырған іс: қоғам белсендісі есірткімен ұсталды

Redaktor Arysinfo

Алматы зообағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді

Redaktor Arysinfo

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір

Redaktor Arysinfo