ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 6 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында пара армрестлингтен өткен XXVIII әлем чемпионатында Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық жеңісіне үлес қосты.

27 қазан мен 3 қараша аралығында ұйымдастырылған әлемдік додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды.

Жастар арасында сынға түскен түркістандық спортшылар Әсемай Әшімбек пен Заңғар Ералиев жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әсемай Әшімбек сол және оң қолмен күресуден қарсыластарынан басым түсіп, екі алтын медаль иеленді.

Ал 65 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Заңғар Ералиев қос қолмен күресуден екі күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ересектер арасында да өңір спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Салтанат Қонысова 70 келі салмақта сол қолмен күресуден қола медаль иеленсе, Дилором Дыханова 60 келі салмақта оң қолмен күресте үшінші орынға тұрақтады.

Осылайша, «Сауран» спорт клубының өкілдері әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алып, ел қоржынына қомақты үлес қосты.

Бұл жетістік – спортшылардың табанды еңбегі, үздіксіз дайындығы мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі. Әлемдік аренада Қазақстанның намысын қорғаған жерлестеріміздің жеңісі Түркістан өңіріндегі параспорт саласының дамып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың жаттықтырушыларын тарихи жетістіктерімен құттықтаймыз!

Ұқсас жаңалықтар

Арыс тұрғындарына әкімдіктен үндеу

berdaly_oraz

Қазақстан Балқаш көлін сақтау бойынша негізгі жоспарды Франциямен бірге әзірлейді

berdaly_oraz

Алан Құрманғалиев тарихи жетістікке бір қадам қалды: Азия чемпионатының сирек финалына шықты

Redaktor Arysinfo