БУЛЛИНГ ПЕН КИБЕРБУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ: ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттері арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында агрессиялық мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.

Кездесу барысында мамандар буллинг пен кибербуллингтің түрлері, олардың адам психологиясына тигізетін кері әсері, алдын алу жолдары және мұндай әрекеттер үшін көзделген құқықтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар студенттерге әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау, өз құқықтарын қорғау және қысым көрсету жағдайында тиісті органдарға жүгіну жөнінде ақпарат берілді.

Мұндай профилактикалық шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, өзара сыйластық, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді. Өйткені әрбір жас өзін қауіпсіз сезінетін орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫМҒА БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Шерзат Полат ісі: «Абзал Шынасыл мені итеріп құлатты» – марқұмның әжесі сотта жауап берді

berdaly_oraz

ҚАЗАҚСТАНДА БИЫЛ ЖАЗДА 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬДЕ ДЕМАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo