Түркістандық түлектерге «Woosong» университетінде білім алуға 100 грант бөлінді

Түркістан облысында жастардың шетелдік жоғары білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жаңа бастама жүзеге асты. Облыс әкімдігінің қолдауымен Корея Республикасындағы «Woosong» университетінде оқуға 100 білім гранты тағайындалды.

Аталған грантқа жалпы 400-ден астам үміткер құжат тапсырып, олардың қатарында еліміздің барлық өңірінен және көршілес Өзбекстаннан түлектер болды. Іріктеу кезеңдері мен сұхбаттасуды корейлік өкілдік тікелей жүргізді.

Жалпы 242 талапкердің құжаттары арнайы құрылған комиссияда қаралды. Оның құрамына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев және бірқатар басқарма басшылары кірді.

– Түркістан облысы мен «Woosong» білім қорының серіктестігі нәтижесінде жаңа жоғары оқу орны – «Вусонг Университеті Қазақстан» ашылды. Биылдан бастап лицензия алып, профессорлық-оқытушылар құрамы жасақталды. Біздің студенттер алдағы уақытта Кореяда немесе серіктес университеттерде тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейде білім ала алады, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Айта кетерлігі, «Woosong» университетінде екі жыл білім алған соң студенттер қос диплом бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама талапкерлерге Кореядағы оқуын жалғастырып, оқуын аяқтаған соң Қазақстан мен Корея елдерінің дипломын қатар алуға жол ашады.

Бұл жоба Түркістан өңірінің түлектеріне ғана емес, бүкіл ел жастарына халықаралық білімге кең өріс ашып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында «Рухани көшбасшылық: өзіңді табу және дамыту» тақырыбында team building форматта семинар-тренинг өтті

Альфия Адамбек

АСТАНАДА «АЛТЫН ОРДА – ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ: ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ, МӘДЕНИЕТ, БІРЕГЕЙЛІК» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo

ЛИФТТЕГІ ҚОРҚЫНЫШ: ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒАЗДА ҒАНА МА?