Жетісайда мыңға жуық тұрғын сенбілікке шығып, 40 тонна қоқыс жиналды

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына мыңға жуық адам қатысып, ауданның кіреберістері мен көшелерінде бейберекет жатқан қоқыстар жиналды.

Акцияға мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен тұрғындар белсене атсалысты. Әр мекемеге арнайы учаскелер бекітіліп, шөптер шабылды, арық-атыздар тазаланды. Шара барысында 15 арнайы техника жұмылдырылып, 40 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық сыртқа шығарылды.

Жауаптылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер Жетісай ауданында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Тек тазалық қана емес, инфрақұрылымды жақсарту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Көшелер кеңейтіліп, жарық шамдар орнатылуда, қашыртқылар тазартылып, жасыл желек егу ісі кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

Бұл игі бастамалар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және тұрмыс мәдениетін көтеруге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда полиция бастығы тұрғындарға қылмыс деңгейінің төмендегенін мәлімдеді

berdaly_oraz

Қазақстан күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді

berdaly_oraz