ТҮРКІСТАННЫҢ КРЕАТИВ ӘЛЕМІ АСТАНАНЫ АЛАҢДАТПАҚ

Түркістан облысының ұлттық өнері, қолөнері және заманауи креативті индустриясы елорда төрінде таныстырылады. 29-30 тамыз күндері Астана қаласында Түркістан облысының өңірлік креатив жәрмеңкесі өтеді.

Ауқымды шараның басты мақсаты – Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін және жаңа форматтағы шығармашылық жобаларын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер мен шеберлердің өнімдерін республика көлемінде таныстырып, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік беру.

Жәрмеңкеге Түркістан облысының қолөнершілері, дизайнерлері, суретшілері, зергерлері, керамика шеберлері, этноөнім өндірушілері, сән индустриясының өкілдері мен креативті кәсіпкерлері қатысады. Келушілер ұлттық нақыштағы бірегей бұйымдарды тамашалап қана қоймай, олардың жасалу барысына да куә болады.

Іс-шара барысында ұлттық және заманауи қолөнер көрмесі, креативті өнімдер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары мен интерактивті алаңдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған таныстырылымдар, стартаптар мен инновациялық жобалардың көрмесі өтеді.

Бұдан бөлек, сән көрсетілімі, шығармашылық кездесулер және Түркістан облысының өнерпаздары мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар өңірдегі креативті кәсіпкерлікті дамытуға, жергілікті брендтердің танымалдылығын арттыруға және Түркістанның туристік әрі инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге жол ашады.

Ұлттық құндылық пен заманауи шығармашылық тоғысатын жәрмеңке 29-30 тамыз күндері Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АҚОРДАДА МОНҒОЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІ УХНААГИЙН ХУРЭЛСУХТЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

Зейнетақы қорының ақшасы қайда кетті? Қаржы мамандары түсіндірді

berdaly_oraz

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ – ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

berdaly_oraz