Арыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері талқыланды

Арыс қаласы әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша арнайы жиын өтті. Басқосуды қала әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Айдар Манапов жүргізді.

Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының өкілдері, әкімдік қызметкерлері мен жауапты мамандар қатысты. Күн тәртібінде дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің аппараттарында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері қаралды.

Талдау қорытындылары бойынша баяндама жасаған мемлекеттік-құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы Тұрар Маханбетов анықталған тәуекелдер мен оларды жоюға бағытталған ұсыныстарды таныстырды. Қатысушылар тәуекелдерді төмендету жолдарын жан-жақты талқылап, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын қорытындысында Айдар Манапов мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін заң талаптарына сәйкес, ашық әрі адал атқаруының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтықты күшейту және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста 8 наурыз мерекесіне орай аналарға құрмет көрсетілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНА ЖАҢА АВТОБУС ТАБЫСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ӘСКЕРДЕГІ ӘДІЛДІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ЖАҢА ЕРЕЖЕ – ЖАҢА ТАЛАП