ҰСТАЗ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ҰЛЫ ТҰЛҒА

Құрметті ұстаздар, ардақты білім саласының қызметкерлері!

Бүгін – 5 қазан, Ұстаздар күні!

Бұл күн – білім мен тәрбиенің маңызын, ұстаз бен шәкірт арасындағы ерекше байланысты тағы бір мәрте дәріптейтін айтулы мереке.

Ұстаздың әрбір берген білімі мен тәлімі шәкіртінің болашағына жол ашады. Бүгінгі мектеп оқушысы – ертең ел тізгінін ұстайтын азамат. Оның білімді, тәрбиелі әрі білікті тұлға болып қалыптасуында ұстаз еңбегінің орны айрықша.

Арыс қаласының білім саласын дамытуға, жас ұрпақтың сапалы білім алып, саналы тәрбие алуына үлес қосып жүрген барша ұстаздарға зор алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – қаламыздың жарқын болашағына салынған ең құнды инвестиция.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, қажымас қайрат және шығармашылық табыс тілеймін. Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің биік жетістіктері мен ел игілігіне қосқан үлесі сіздер үшін ең үлкен марапат болғай!

Ұстаздар күні құтты болсын! Ұлағатты еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз талапты да талантты болсын!

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМ ДАУЫСЫНА ҚҰРМЕТ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІНДЕ МҰЗБЕН СЫРҒАНАУ ҮЙІРМЕСІ ҚАРҚЫН АЛДЫ

АҚШ ПЕН ҚЫТАЙДЫҢ ЖАРНА КЕШІКТІРУІ БҰҰ-ҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫСЫМ ТҮСІРДІ

Redaktor Arysinfo