ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫНЫҢ ЖЕТКІЛІКТІЛІК ШЕГІ ӨЗГЕРЕДІ

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізілді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жаңа әдістеме бойынша жеткіліктілік шегін есептеу кезінде кірістіліктің жылдық мөлшерлемесі 9%, ал зейнетақы төлемдерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі 8% көлемінде белгіленеді.

Қаулыда ең төмен жеткіліктілік шегі өткен жылғы деңгейден төмен болмауы керектігі айтылған. Сонымен қатар, ол болжамды инфляциядан 5 пайыздық тармаққа жоғары деңгейде қайта есептеледі.

Жаңа жеткіліктілік шектері маусым айында жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста «Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша мобильді топтың халықпен кездесуі өтті

Мемлекет басшысының кеңесшісі өңірдегі мәдениет және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен кездесті

КЕЛЕСТЕ «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo