Жеке қауіпсіздік пен құқықтық сана: Арыста «Сталкингті тоқтат!» атты форум-диалог өтті

Арыс қалалық Мәдениет үйінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғауға бағытталған «Сталкингті тоқтат!» форум-диалогы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – сталкинг, тұрмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында заң мен тәртіпке құрметті арттыру.

Форум жұмысына қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев, құқық қорғау және прокуратура органдарының өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер мен жастар қатысты. Жиында қоғамдағы қауіпсіздік мәселелері ашық форматта талқыланды.

Кіріспе сөз сөйлеген Рысдәулет Айтбаев заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігі – мемлекеттік органдарға ғана емес, бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті. Ол құқық бұзушылықтың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты жүйелі түрде арттырудың маңызын айтты.

Сонымен қатар, Арыс аудандық прокуратурасының прокуроры Қуаныш Анарбай, полиция бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Қарабаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс құқықтық мәдениетті нығайту, жастармен профилактикалық жұмысты күшейту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Форум аясында жастарға арналған бейнероликтер көрсетіліп, тәрбиелік мәні бар көріністер ұсынылды. Өнерпаздардың патриоттық әндері мен термелері іс-шараның мазмұнын толықтырды. Жиын соңында заңға құрмет пен жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру өркениетті қоғамның негізгі қағидаты екені атап өтіліп, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатыны хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста көктайғаққа қарсы жұмыстар күшейтілді

berdaly_oraz

Түнгі рейд: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

berdaly_oraz

Рейтинг МВФ: крупнейшие экономики мира в 2026 году

Redaktor Arysinfo