ЖЕТІСАЙДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау кезінде аудан тұрғындары әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамту, жер телімдерін бөлу, инфрақұрылымды дамыту және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Өңір басшысы азаматтардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне көтерілген мәселелерді заң талаптарына сәйкес жан-жақты зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Бірқатар өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, нақты тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.

Айта кетейік, облыс әкімі аудандарға жұмыс сапарлары аясында тұрғындармен тұрақты түрде кездесіп, жеке қабылдаулар өткізеді. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасарлары да бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың өтініштерін қарастырады.

Жеке қабылдауға жазылу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі үйлестіреді. Азаматтар қабылдауға eGov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау – жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік беретін маңызды жұмыс.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында заман талабына сай зауыттар мен кәсіпорындар көбейіп келеді

Альфия Адамбек

Түркістан облысы: Тексеруді өзі жүргізетін органның басшысы Ғалымжан Тапеев тексерудің өзіне ілікті

berdaly_oraz

Киелі Түркістанға Ақ Жайық өнер керуені келді