ЖҰМЫС ОРНЫ, ТҰРАҚТЫ ТАБЫС, САПАЛЫ ӨМІР: АУЫЛҒА НЕ ЖЕТІСПЕЙДІ?

Нұрболат Пернеханов: «Ауылдың дамуы – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартудан басталады»

Ауылдың өркендеуі тек жол салу немесе әлеуметтік нысандарды жаңартумен шектелмейді. Оның негізінде тұрақты жұмыс, дамыған кәсіпкерлік, сапалы инфрақұрылым және тұрғындардың әл-ауқаты жатыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен шағын бизнестің әлеуетін тиімді пайдалану, жаңа жұмыс орындарын ашу және жастарға мүмкіндік беру – бүгінгі күннің өзекті міндеттері.

Осы бағыттарды басшылыққа алған Арыс қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұрболат Рахатұлы Пернеханов туған өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды көздейді. Оның сайлауалды бағдарламасында ауыл инфрақұрылымын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту және тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету бағыттары қамтылған.

Арыс қаласында туып-өскен Нұрболат Пернехановтың мамандығы – құқықтану. Еңбек жолы кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бағыттарымен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арыс қалалық филиалының директоры қызметін атқарады.

Кәсіпкерлермен тікелей жұмыс істеу барысында өңір экономикасының дамуы шағын және орта бизнестің өркендеуіне, еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасалуына және мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімді жүзеге асуына байланысты екенін жақсы түсінеді.

Осы тәжірибесін депутаттық қызметте де пайдаланып, кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қолдау көрсетуге, жергілікті кәсіпкерлердің мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеруге ниетті.

Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті дамыту және халықты жұмыспен қамту. Кандидаттың пайымынша, ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін шағын өндіріс орындарын, қызмет көрсету саласын және отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау қажет.

Осыған орай мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру, жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау, кәсіп ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге кедергі келтіретін мәселелерді шешуге ықпал ету көзделген.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы шаруалардың мүддесін қорғау, суармалы су мен жайылым тапшылығына қатысты мәселелерді тиісті мекемелер деңгейінде көтеру де маңызды міндеттердің қатарында.

Ауылдың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін мәселелердің бірі – инженерлік инфрақұрылым. Сапалы жол, тұрақты ауызсу, электр қуаты мен көше жарығы тұрғындардың күнделікті өмір сапасын айқындайды.

Нұрболат Пернеханов ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауызсу және электрмен жабдықтау мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді жоспарлап отыр.

Жарияланым кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан төленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық әйел бір күнде алты баланың анасы атанды

Redaktor Arysinfo

«Үсті-басы су болып,үйге әрең жетті» Монтайтастық тұрғын көшеде иесіз жүрген иттің 11 жасар қызын тістей жаздағанын айтып,шағымданды

berdaly_oraz

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАҺАРМАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

berdaly_oraz