Еуропада аспанда жұмбақ спираль тәрізді құбылыс байқалды

25 наурызға қараған түні Еуропаның бірнеше елінде ерекше аспан құбылысы тіркелді. Ұлыбритания, Германия, Ресей және Украина тұрғындары көк-ақ түсті жарқыраған спиральды бақылаған.

Куәгерлердің айтуынша, спираль бірнеше минут бойы көрініп, кейін баяу жойылып кеткен. «Бұл галактика тәрізді немесе жасанды түрде жасалған құбылысқа ұқсады», – деп сипаттады оқиғаны көргендер.

The Sun басылымы бұл құбылыс SpaceX зымыранынан қалған отын ізі болуы мүмкін деп болжайды. Мұндай спиральдар ғарыш аппараттарының ұшырылуы кезінде отын бөлшектері мен жарықтың атмосферадағы әсерінен пайда болуы ықтимал.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық оқушының арманы орындалды: Президенттен ерекше сыйлық

berdaly_oraz

Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

berdaly_oraz

Түркістанды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

berdaly_oraz