Қазақ халқы ұшақтан түспейтін елге айналуы мүмкін

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы халықаралық авиация жүйесінде NQZ (IATA) және UACC (ICAO) кодтарымен тіркелген. Алматыдан кейінгі еліміздегі ірі әуе хабы саналатын әуежай бүгінде 23 әуе компаниясына қызмет көрсетіп отыр.

Қазіргі деректерге сәйкес, Астана әуежайы 21 елдегі 57 халықаралық әуежаймен тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ел ішінде 15 қалаға тұрақты рейстер ұшады.

Ең ұзақ тоқтаусыз бағыт – Вьетнамның Нячанг қаласы.
FlightConnections мәліметі бойынша: қашықтығы: шамамен 5 512 км (3 425 миль), ұшу уақыты: 8 сағат 10 минутқа дейін, бағыт: Астана – Нячанг (тікелей рейс)

Бұл бағыт Қазақстан авиациясының халықаралық байланыстары кеңейіп, алыс қашықтықтағы туристік маршруттардың дамып келе жатқанын көрсетеді.

Жазғы маусымда әуе компаниялары Астана мен Алматыдан Түркия мен Кипрге жаңа тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай бағыттардың көбеюі елорданың халықаралық транзиттік әлеуетін күшейтіп, туризм саласына қосымша серпін береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қырғызстан блогерлерді салықтық жеңілдіктермен қолдайды

berdaly_oraz

Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшалар лицензия бойынша жұмыс істейді

berdaly_oraz

1 СӘУІРЛЕН БАСТАП МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУ ТОЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШЕДІ

Redaktor Arysinfo