154 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

дереккөз фото Қызылорда облысы прокуратурасының сайты

Қызылорда қаласында 32 жастағы азамат интернет-алаяқтық жасағаны үшін сот үкімімен 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Ол қазіргі уақытта пробациялық бақылауда.

Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушы 2024 жылы алдын ала келісілген тұлғалармен бірге әлеуметтік желіде жалған парақша ашқан. Ол Instagram платформасында «Dake.87089241173» атауымен аккаунт жүргізіп, өзін қаржыны еселеп қайтара алатын адам ретінде таныстырған.

Алаяқтар жәбірленушілерді сендіріп, олардың қаражатын «1XBETKZ» букмекерлік кеңсесі мен «Wooppay Wallet» төлем жүйесі арқылы иемденіп отырған.

Нәтижесінде еліміздің түрлі өңірлерінен 154 азамат зардап шегіп, жалпы шығын көлемі шамамен 12 миллион теңгеге жуықтаған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтеген. Осыған байланысты сот оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛ НАЗАРЫНДАҒЫ САММИТ: ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП БАҚЫЛАУДА

Redaktor Arysinfo

Болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылуы мүмкін

berdaly_oraz

Сарыағаш жастары «Maqtaaral CUP» турнирінде күміс жүлде иеленді

berdaly_oraz