РЕСЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ ТӨРТ АМУР ЖОЛБАРЫСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

дереккөз фото Stankz

Қазақстанға Ресейден алғашқы төрт амур жолбарысы әкелінді. Олардың қатарында екі ересек дарақ және екі төлі бар. Қазіргі таңда жыртқыш аңдар Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағына орналастырылған.

Бұл бастама – жолбарысты 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен тарихи мекеніне қайта жерсіндіруге бағытталған ауқымды экологиялық жобаның бір бөлігі. Мамандардың айтуынша, жаңа ортаға бейімдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Жоба табиғи тепе-теңдікті қалпына келтірумен қатар, еліміздің биоалуантүрлілігін сақтауға да үлкен үлес қоспақ. Сонымен қатар, бұл бастама халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Айта кетейік, амур жолбарысы – сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі жоғары жыртқыштардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Ресей Қазақстанды газбен қамтамасыз ету үшін жаңа құбыр салуды жоспарлап отыр

berdaly_oraz

Жылдың үздік спортшысы – тағы да Рыбакина

Redaktor Arysinfo

«Балаларға қауіп төндірген TikTok: ЕО қатаң жазаға кірісті»

Redaktor Arysinfo