ПЕДАГОГТЕРДІ АРТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТҚАНДАРҒА ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙЕДІ

Қазақстанда педагогтердің құқықтарын қорғау бағытындағы бақылау күшейтілуде. Енді мұғалімдерді өз міндетіне кірмейтін жұмыстарға заңсыз тартқан тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қатаңдатылмақ.

Мамандардың айтуынша, педагогтерді сенбілікке шығару, түрлі науқандарға қатыстыру, есеп-қисап пен артық қағазбастылыққа жүктеу – заң талаптарына қайшы. Мұндай әрекеттер мұғалімнің негізгі міндеті – сапалы білім беруге кері әсерін тигізеді.

Осыған байланысты жауапты органдар білім саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтіп, педагог мәртебесін қорғауға басымдық беріп отыр. Егер мұғалімдер заңсыз тапсырмаларға тартылса, кінәлі тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес ұстаздарды кәсіби міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға тыйым салынған. Бұл талаптардың сақталуы білім сапасын арттырып қана қоймай, педагогтердің қоғамдағы беделін көтеруге ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

АУЫЛДЫ ӨМІР СҮРУГЕ ҚОЛАЙЛЫ МЕКЕНГЕ АЙНАЛДЫРУЫМЕЗ КЕРЕК

Redaktor Arysinfo

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА КҮШ САЛАМЫН!

Redaktor Arysinfo

Арыста дін қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz